Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бозымбаев: Қарағанды облысы жылыту маусымына 15 қыркүйекке дейін дайын болуы тиіс

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Қарағанды облысына барып, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары мен өңірдің алдағы жылыту маусымына дайындығын тексерді.

.
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Теміртауда 1967 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан ЖМ-3 жылу магистралі жаңартылып жатыр. Қазір 8,27 шақырым құбыр ауыстырылуда. Бұл желі 60 мыңға жуық тұрғынды, 312 көпқабатты үй мен 22 әлеуметтік нысанды жылумен қамтамасыз етеді.

Магистральдің тозу деңгейі 75%-ға жеткен. Соңғы бес жылда мұнда 38 ақау тіркелген.

Былтыр Теміртаудағы ЖМ-2А магистралінің 3,64 шақырымы жөнделген. Үкімет мәліметінше, содан кейін желі алғаш рет жылыту маусымын апатсыз және жылуды ажыратусыз өткізген.

Қарағандыда 50 жылдан астам уақыт бойы күрделі жөндеу көрмеген су тазарту кешені де жаңғыртылып жатыр. Нысанның тозу деңгейі 80%-ға жеткен, ал соңғы үш жылда 89 апат болған.

.
Үкіметтің баспасөз қызметі

Құны 15,1 млрд теңге болатын жоба Қарағанды, Теміртау және Ақтас кентіндегі шамамен 695 мың тұрғынды ауызсумен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған.

Өңірде электр желілері мен қосалқы стансаларды жаңғырту бойынша алты жоба әзірленген. Оның төртеуі қазір жүзеге асырылып жатыр.

Қарағандыдағы М-3 жылу магистралінде 2,4 шақырым құбыр ауыстырылуда. Ол 183 мыңға жуық тұрғынды, 817 көпқабатты үй мен 611 әлеуметтік-мәдени нысанды жылумен қамтиды.

.
Үкіметтің баспасөз қызметі

Ал М-2 магистралі мен №2 сорғы стансасын жаңғырту нәтижесінде жылыту маусымында тіркелетін ақаулар саны 36-дан екіге дейін азайған. Жоба толық аяқталса, қаланың орталық бөлігіндегі 64 мыңға жуық тұрғын тұрақты жылумен қамтылады.

Қанат Бозымбаев барлық негізгі жұмысты 15 қыркүйекке дейін аяқтап, гидравликалық сынақтар өткізіп, өңірді жылыту маусымына толық дайындауды тапсырды.

Үкіметтің мәліметінше, жобаларда қолданылатын қазақстандық өнімдердің үлесі көп жағдайда 95%-дан асады, ал кейбір нысандарда 100%-ға жетеді.

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы 2029 жылға дейін есептелген. Оның мақсаты – коммуналдық инфрақұрылымның тозуын 40%-ға дейін төмендетіп, апат қаупін 20%-ға азайту.

Қазір оқып жатыр

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек

сыйақы

«Самұрық-Қазына» ERG арқылы табыс табуы мүмкін – сарапшы

ERG

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай ағаның парақшасындағы бейнежазбадан алынған кадрлар

3 млрд теңге залал келген: Астанада жоқ пәтерлерді сатқан төрт адам сотталды

кісі өлімі