Божконың ұлы 249 үлескердің жер телімін заңсыз иемденіп келген
Ақмола облысында «Шаңырақ Агро» серіктестігі 249 пайшының жер телімін негізсіз иемденген.
Алматы, NEGE. «Ақмола облысындағы тексеру нәтижелері бойынша Целиноград ауданындағы 249 пайшының жер телімдерін негізсіз иемденген «Шаңырақ Агро» ЖШС-ға жер учаскесін беру жөніндегі конкурс қорытындыларын жою туралы сотқа талап қою берілді», - делінген Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия таратқан ақпаратта.
Мұнан бөлек, комиссия мәліметінше, Алматыда ірі көтерме сауда базарындағы («Барыс–4») олигополиялардың бірінің үлесі құны 5 есе төмен бағамен (нарықтық бағасы - 1.5 млрд теңге, 307 млн теңгеге сатылды) сатылғаны анықталды. Биыл шілдеде мәмілені бұзу және нысанды мемлекетке қайтару мақсатында талап қою енгізілді. Ал оның құрылтайшысы Максим Божко.
«2019 жылы «Салтанат үйі» ЖШС-ның атына 601 млн теңге мөлшерінде төмендетілген құны бойынша нысанның сатылғаны анықталды. Ал нысанның нарықтық құны 3 млрд теңгені құрайды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2022 жылғы 28 маусымда сатып алушы бұрын сатып алынған ғимарат үшін 2 млрд 400 млн теңге қосымша төлем жасады», - деп атап өтеді комиссиядан.