USD
USD
USD

Божко жұмыртқа бағасының арзандағанын айтты

Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы тауық жұмыртқасының бағасы төмендегенін мәлімдеді.

Божко жұмыртқа бағасының арзандағанын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қауымдастық президенті Максим Божконың айтуынша, 10 желтоқсаннан бастап республиканың барлық құс фабрикасында жұмыртқаның көтерме бағасы 37 теңгеден 32-31 теңгеге дейін (16 пайыз) төмендей бастайды. Бөлшек баға біртіндеп шамамен бір аптадан кейін төмендейді.

Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы президентінің мәлімдемесі бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағаны келісіп отыр деген күдікке ілінген тоғыз құс фабрикасына қатысты тергеу басталғаны туралы айтылғаннан кейін жасалды.

Бұған дейін бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуына жол бермеу мақсатында монополияға қарсы орган тоғыз құс фабрикасына қатысты 31 хабарлама (28 - өндірушілерге, үшеуі - көтерме жеткізушілерге) шығарды. Тоғыз құс фабрикасына қатысты алты тергеу тағайындалған еді (Түркістан, Павлодар, Ақмола, СҚО, Қарағанды облыстары).

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе