USD
USD
USD

"Бозбаланы зорлаған". Мәнерлеп сырғанушы қыз жарыстардан шеттетілді

Оңтүстік Кореяның Конькимен жүгіру спорты федерациясы құрамасының екі өкілі жарыстардан шеттетілді. Италиядағы жаттығу жиынында спортшы қос бойжеткен ішімдікке сылқия тойып, олардың бірі конькимен мәнерлеп сырғанаушы жасөспірімді күштеп төсек қатынасына тартқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

pexels
Фото: pexels

Астана, NEGE. Ішімдікке тойып алған бойжеткен спортшы жасөспірім бозбаланы қыздарға арналған жатақханадағы өз бөлмесіне шақырып алып, оны жыныстық қатынасқа күштеген, деп жазады mk.co.kr.

Ал екінші бойжеткен болған оқиғаны телефонындағы камераға түсіріп алған. Жиындар 15-28 мамыр аралығында өтті. 21 маусымда Конькимен жүгіру спорты федерациясының отырысы өтті, оның қорытындысы бойынша айыпты қызды спорттан үш жылға шеттету туралы шешім қабылданды. Екінші мәнерлеп сырғанаушы да спорттық жиындар аумағында спирттік ішімдік тұтынғаны үшін жарыстардан шеттетілді.

Енді олар Миландағы (Италия) 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатыса алмайды. Зардап шеккен жасөспірімге қатысты қалыптасқан режимді бұзғаны үшін сөгіс берілді, өйткені ол қыздар жатақханасына өз бетімен барған.

Қазір оқып жатыр

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу