USD
USD
USD

Boxrec рейтингінің үздік ондығына Қазақстаннан бірден 3 боксшы енді

Boxrec.com сайты Америка өкілі Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) ресми түрде суперорта салмаққа ауысқаннан кейін орта салмақтағы үздік боксшылар рейтингін жаңартты.

Boxrec рейтингінің үздік ондығына Қазақстаннан бірден 3 боксшы енді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Орта салмақ рейтингінің ТОП-ондығына Қазақстаннан бірден 3 боксшы енді: WBA Super, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО), WBO ұйымының толыққанды чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) және WBO International чемпионы Мейірім Нұрсұлтанов (17-0, 10 КО).

Орта салмақтағылар тізімінде Головкин бірінші орында тұрса, Әлімханұлы – сегізінші, Нұрсұлтанов – тоғызыншы.

Айта кетейік, ТОП-10 тізімге ең көп боксшы Қазақстаннан еніп отыр. Өзге елдерден алғашқы ондыққа тек бір боксшыдан қосылған: кіші Крис Юбэнк (32-2, 23 КО, Ұлыбритания), Хайме Мунгия (40-0, 32 КО, Мексика), Карлос Адамес (21-1, 16 КО, Доминикан Республикасы), Сергей Деревянченко (14-4, 10 КО, Украина), Майкл Зерафа (30-4, 19 КО, Аустралия), Эрисланди Лара (29-3-3, 17 КО, Куба / АҚШ), Винсент Файгенбутц (34-3, 30 КО, Германия).

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес