USD
USD
USD

«Бөтен» нөмірлі көліктер елден шығарыла ма?

Қазақстан жолдарында жүрген қырғыз, армян және ресейлік нөмірлі көліктерді енді жүргізбейтін болды. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінен хабарлады.

«Бөтен» нөмірлі көліктер елден шығарыла ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әкімшілік полиция комитетінің мәлімдеуінше, көршілес елдерден әкелініп, елімізде тіркелмеген «бөтен» нөмірлі көліктер Қазақстанда заңсыз жүр. Оларды жуық арада «Поток», «Сергек» бақылау жүйелерінің және патрульдік экипаж қызметкерлерінің көмегімен анықтап, айып тұрағына орналастыру, көлік иелеріне айыппұл салу басталады.

Осы мәселеге қатысты ҚР ІІМ-і қазақстандықтарға мәлімдеме жасап, шеттен келген көліктерді мемлекет заңнамасына сай тіркеу керектігін ескертті. Министрліктің келтірген деректеріне сүйенсек, елімізде «бөтен» нөмірлі көліктердің қатысуымен 1854 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 132 адам көз жұмған, 500-ден аса кісі түрлі дене жарақатын алған. 2019 жылы бақылау камераларына 90 мыңнан аса жол ережесін бұзған шетелдік нөмірлі мәшине ілігіп, 1,1 млрд теңгеден аса айыппұл салынған. Қазір елімізде 200 мыңға жуық «бөтен» нөмірлі көлік бар.

Қазір оқып жатыр

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы