2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Ботақарада карантин күшейтілді

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының Ботақара кентінде 18 мамырдан бастап шектеу шаралары күшейтілуде. Жеке көлік қозғалысына толықтай тыйым салынады, жұмыс және қоғамдық шаралар тоқтатылады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров мәлім

Ботақарада карантин күшейтілді
Фото: NEGE.kz

деді.

Алматы, NEGE. «Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданында сырқаттану көрсеткішінің артуы байқалады - апта сайынғы өсім 66%. Тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып және КВИ жұқтыруы мен таралуының алдын алу мақсатында Ботақара кентінде карантин режимін күшейту туралы шешім қабылданды», - деп хабарлады тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров. Ботақара тұрғындарына кент бойынша аса қажет болмаған жағдайда жүруге тыйым салынады. Арнайы және медициналық қызметтердің, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік ұйымдардың жүріп-тұруын санамағанда, басқа тұрғындарға жеке көлікпен жүруге тыйым салынған. Қоғамдық көлік қозғалысы да тоқтатылады. Сондай-ақ Ботақара карантиндік аймағының периметрі, кіру және одан шығу пункттері анықталатын болады. Блок бекеттер орнатылады. Қызметі рұқсат етілген кәсіпорындар санитарлық-дезинфекциялық шараларды күшейте отырып жұмыс істейді. Қызметкерлердің денсаулығына ұйымның иесі немесе басшысы жауапты болады. Ресми мәліметтерге сай, Ботақарда КВИ 10 жағдайы тіркелген, 205 байланыста болған адам анықталды, оның ішінде 77 адам жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста және 128 әлеуетті байланыста болған. Сонымен қатар, Бұқар Жырау ауданында «Қазақмыс» корпорациясы« АҚ Нұрқазған кен орнының қызметкерлері арасында КВИ ауруының таралуы тіркелген. 17 мамырдағы жағдай бойынша онда 15 COVID-19 жағдайы анықталды.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Максим Самородов

Қарағандыдағы Бөкетов университетінің үш студентінен туберкулез анықталды

Бөкетов ұлттық университеті