USD
USD
USD

Бөрлінің мектебі жөнделді

Бөкей ордасы ауданына қарасты Бөрлі ауылындағы М.Бегалиева атындағы мектеп ғимаратын күрделі жөндеу және екі ғимарат арасындағы жабық өту ғимаратын салу туралы «Nur Otan» партиясының атына өтініш түскен.         

Бөрлінің мектебі жөнделді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аудандық филиал төрағасы Н.Рахымжанов ең алдымен Бөрлі ауылындағы М.Бегалиева атындағы мектеп ғимаратын күрделі жөндеу жұмысымен және екі ғимарат арасындағы жабық өту ғимаратымен танысып, мектеп ішін толықтай аралап шықты.

Бөрлі ауылындағы  М.Бегалиева атындағы мектеп ғимаратына және екі ғимарат арасындағы жабық өту жолына республикалық бюджеттен – 230 млн 689 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Іс сапар барысында аудандық филиал төрағасы Н.Рахымжанов мердігермен және жұмысшылармен сөйлесіп, жөндеу жұмыстарына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Қазіргі таңда аудан көлемінде 6 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған аудан бойынша 97 адам жұмысқа тартылды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаңадан төселген тротуар опырылып түсті

Опырылған тротуар

«Халықтық құрылыс»: халық игілігіне бағытталған ауқымды жоба

 Жансая Нұралиева

«Қазатомөнеркәсіптің» басқарма құрамынан тағы бір топ-менеджер кетті

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы

Қазақстандық банктер Шахмұрат Мүтәліпке «Алтыналмасты» сатып алу үшін 1 млрд доллардан астам несие беруі мүмкін

Шахмұрат Мүтәліпов