USD
USD
USD

Борышкерлердің 38% қарыз төлеу мерзімін өткізіп алған

Мәжілістің бірінші оқылымында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстанда микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды.

Борышкерлердің 38% қарыз төлеу мерзімін өткізіп алған
Фото: NEGE.kz

 

Алматы. NEGE. «Өздеріңіз білесіздер, ел Президентінің тапсырмасымен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қарыз жүктемесін азайту бойынша түрлі шаралар жүзеге асырылды. Тұтынушылық несиелеу нарығындағы тәуекелді төмендетуге жағдай жасалды», – деді депутат Альберт Рау.  Біле жүріңіз, «Бірінші кредиттік бюроның» мәліметінше, 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мироқаржы ұйымдарындағы 170 мың микронесие кәсіпкерлерге, 810 мың микронесие жеке тұлғаларға тиесілі. Қарыз алушылардың 38% төлем мерзімін өткізіп алған. «Азаматтарды қорғаудың қосымша тетігін енгізу мақсатында депутаттар микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу бойынша заң жобасын әзірледі», – деді Альберт Рау. 

Қазір оқып жатыр

Мұнайдың тағдырын кім шешеді? Экономист Үкіметтің болжамына баға берді

Сапарбай Жұбаев

Volkswagen ондаған мың жұмыс орнын қысқартып, 2030 жылға дейін жалақыны өсірмеуді жоспарлаған

 Volkswagen

Тоқаев әскери әзірлік сапасын арттырып, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды талап етті

Тоқаев, Омарбеков, Савельева

«Санитарлар зорлық-зомбылық көрсеткен»: Аягөзде ерекше балаларды қорлаудың жүзден астам фактісі анықталды

Тәрбиеленуші мен санитар