Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Борис Джонсон ауруханадан шықты

Осыдан бірнеше күн бұрын Ұлыбританияның премьер-министрінен коронавирус анықталып, ол дәрігерлердің бақылауына алынған еді.   

Борис Джонсон ауруханадан шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жағдайы оңала бастаған соң ауруханадан шығарылған, бірақ жұмысына бірден кіріспей, емін үйде жалғастыратын болды.  Оның індетті жұқтырғаны 27 наурызда белгілі болған. Соған қарамастан, британ үкіметінің басшысы өзін-өзі оқшаулап, қашықтан жұмыс істеуді жалғастыра берген. Алайда, 5 сәуірде Джонсонның денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға жатқызылды, саясаткер бірнеше күн реанимацияда жатты.

Кейін британдық премьер дәрігерлердің жұмысы қаншалықты қиын екенін өз көзімен көргенін айтып, бейнеүндеу жолдаған болатын. Және ол әлеуметтік қашықтық ережелерін сақтайтын және коронавирус індетіне қарсы күресу үшін қажетті шыдамдылық танытып жатқан жандарға алғысын білдірді. Борис Джонсонның міндетін уақытша сыртқы істер министрі Доминик Рааб атқарып жатыр.  

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА