USD
USD
USD

«Борат» фильмінің екінші бөлімі түсіріліп бітті

Британдық әзілкеш Сача Барон Коэн «Борат» фильмінің екінші бөлімін түсірді, деп хабарлайды Collider.

«Борат» фильмінің екінші бөлімі түсіріліп бітті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түсірілімі аяқталған фильмді киноиндустрия саласындағы үздік мамандар көріп те үлгерген. 

Фильмнің сюжеті әзірге хабарланған жоқ. Шетелдік БАҚ өкілдерінің айтуынша, фильмнің желісі бойынша басты кейіпкер бірінші бөлімдегі жетістігінен кейін өзін әйгілі киножұлдыз санайтын болады. Ол өзін басқа адам етіп көрсетіп, көпшіліктен жасырынып жүруге тырысады және көшедегі адамдармен жасырын сұхбат жүргізеді.

Сонымен қатар, кино бюджетіне кімнің ақша бөлгені, режиссердің аты-жөні белгісіз. Одан бөлек, фильмнің қалың көрерменге қашан "жіберілетіні" туралы да ақпарат жоқ. 

Кейбір дереккөздерде атышулы кинокартинаның премьерасы АҚШ-тағы жаңа президенттік сайлауға дейін болатыны айтылған. Collider басылымы актердің желіде тараған Борат образы жарнама немесе телехикая емес екенін, бұл толықметражды кино екенін сенімді түрде жариялады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті

ENRC Ұлыбританияның қаржылық алаяқтыққа қарсы органымен бітімге келді

ENRC

Қазақстан «Теңізшевройлмен» келісімді ұзарту үшін $10 млрд талап етті

Теңізшевройл

Астанада әйелдің қазасынан кейін төрт бұрынғы полиция қызметкері ұсталды

ұрлық