Боранға байланысты 50 рейс ұшпай қалды
Боранға байланысты «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында 50 рейс ұшпай қалды, - деп хабарлайды «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының баспасөз қызметінің өкілі Жеңіс Ахметжанов.
Алматы, NEGE. «Ауа райының қолайсыздығына байланысты қазіргі уақытта 45 рейс кешікті. Оның ішінде ұшып келуі тиіс рейстер саны – 25, ұшып кетуі тиіс рейстер саны – 20. Сонымен қатар, 50 рейс тоқтатылды. Оның ішінде 11-і – халықаралық бағыттағы рейстер», – деп хабарлады «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының баспасөз қызметінің өкілі Жеңіс Ахметжанов.
Оның айтуынша, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының әуе айлағы түнгі сағат 02.40-тан күндізгі 14.00-ге дейін жабық тұрған. «Өздеріңіз білетіндей, боран кеше түнде басталған болатын. Тоқтатылған рейстер ішінде бүгін де, кеше де ұшпай қалған рейстер бар», – деді ол.
Қазір оқып жатыр
Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»
«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті
2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев
Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады