Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Боранда жүргізушілерге жол көрсеткен полицей марапатталды

Лейтенант Амантай Байжанов полиция қатарында алты жылдан бері қызмет етіп келеді

Боранда жүргізушілерге жол көрсеткен полицей марапатталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қостанай облысы полиция департаментінің басшылығы әлеуметтік желіде қызу талқыланған Амантай Байжановты марапаттады. Бұл жөнінде полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 18 ақпанда Байжанов жолда тұралап қалған жүргізушілерге боранда жол көрсетіп, көліктің алдында жаяу жүріп отырған. Полицейдің бұл батыл әрекетінің видеосы желіде қызу талқыланып, оқырмандар көптеген оң пікір білдірді.

Облыстық полиция департаменті Байжановтың әрекетін жоғары бағалап, оған ІІМ логотипі бар сағат табысталды.

Бұл лейтенант батылдық танытқан бірінші жағдай емес. Өткен жылдың сәуір айында ол өз әріптесімен бірге жанып жатқан үйден 15 адамды құтқарып қалған.

Ведомствоның баспасөз қызметі атап өткендей, Байжанов полиция қатарында алты жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол өз қызметін мамандандырылған күзет қызметі басқармасында бастаған. 2020 жылдан бастап Қостанай полиция басқармасында патрульдік полицей қызметіне кіріскен.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел