USD
USD
USD

Боранда адасып, төрт тәулік далада түнеген екі ақмолалық аман табылды

Боранда адасып, төрт тәулік бойы далада түнеген Ақмола облысының екі тұрғыны аман табылды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.

Боранда адасып, төрт тәулік далада түнеген екі ақмолалық аман табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы 7 қаңтарда Шортанды аудандық ПБ кезекші бөліміне шаруа қожалықтарының бірінің басшысы хабарласып, екі жұмысшының далада жоғалып кеткенін айтты.

Шаруа қожалығы басшысының сөзінше, 4 қаңтар күні екі жұмысшы ауа райының қолайсыздығына қарамастан, қарда жүретін көлікпен жылқы іздеуге шыққан. Біреуі Нұр-Сұлтан қаласының, екіншісі Целиноград ауданының тұрғыны.

«Жедел іздестіру барысында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері капитан Арман Маминов пен майор Рүстем Садықов Шортанды ауданының Ключи ауылынан 20 шақырым жерден жоғалған адамдарды тапты. Анықталғандай, жұмысшылар қарда жүретін көлігі жолда істен шыққан соң, жаяу тартқан. Ақтүтек боранда олар балықшылардың күркесіне кезігіп, сонда көмек келгенше төрт тәулік түнеп шыққан», - деді ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік