USD
USD
USD

Боранбаев қауіпсіздігі орташа колонияға ауыстырылды

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев Ақмола облысындағы қауіпсіздігі орташа колонияға ауыстырылды, - деп

Боранбаев қауіпсіздігі орташа колонияға ауыстырылды
Фото: NEGE.kz

жазды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE. "Сіз айтып отырған азамат ЕЦ-166/1 мекемесінен 11 қазанда шығып, 12 қазаннан бері Ақмола облысындағы қылмыстық-атқару жүйесінің №7 (Гранитный ауылы) қауіпсіздігі орташа мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Алғаш рет сотталғандар жазасын қауіпсіздігі орташа мекемелерге өтеуге жіберіледі", - деп хабарлады олар Қылмыстық атқару жүйесі комитеті.
Еске салайық, былтырғы наурыз айында Қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаевқа қатысты квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемдегі қаражатты ұрлау фактісі бойынша тергеуді бастаған еді. 17 наурызда Астана соты Қайрат Боранбаевтың қамауға алынғанын хабарлады.

31 наурызда сот Қайрат Боранбаевты Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша кінәлі деп тапты:

28, 5-бөлігі ("Қылмыс жасауға жәрдемдесу");
189-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы ("Өзгенің мүлкін иемдену немесе жымқыру, яғни аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлау");
218-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы ("Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)").
Ол сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси