USD
USD
USD

«Бомба үйдің жанына түсті»: Жазира Байырбекова Дубайдағы жарылыстың видеосын жариялады

Қазақстандық әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желілерде Дубайда болған жарылыстан кейінгі бейнежазбаларды жариялады.

Әншілер
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Алматы, NEGE. Танымал жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира Дубайға демалуға барған, алайда әзірге елге орала алмай отыр. Өңірдегі геосаяси ахуалдың шиеленісуіне байланысты қазір Қазақстанға бағытталған барлық әуе рейстері уақытша тоқтатылған.

Әншілер
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Кешкі уақытта түсірілген видеода биік ғимараттардың ар жағынан қою қара түтін байқалады.

«Қараңыздаршы, ана жақтан ұшып келді, бомба біздің үйдің қасына түсті», – дейді әнші.

Әншілер
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Қызын қорқытпау үшін ол жарылыстарды «мереке қарсаңындағы отшашу» деп түсіндірген.

Өз жазбасында Жазира Байырбекова: «Мұның бәрін өз көзіңмен көріп, өз құлағыңмен есту – өте қорқынышты», – деп бөлісті.

Әншінің айтуынша, болып жатқан жағдай оны қатты шошытқан.

АҚШ пен Израильдің Иранмен әскери қақтығысына байланысты Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар және Сауд Арабиясында 4 мыңнан астам қазақстандық турист елге орала алмай отыр. Бұл жөнінде «Туристік Қамқор» қорының төрағасы Инна Рей мәлімдеді.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі үндеу жасап, ел азаматтарын қақтығыс аймағынан эвакуациялау жолдары қарастырылып жатқанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

«Кастетпен ұрған»: Таразда тоғызыншы сынып оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан

қыз

Астана мен Алматыда пәтер бағасының өсуіне не әсер етеді?

Астана

Мұнай бағасы тағы өсті

Мұнай

«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы

бапи