USD
USD
USD

Бөлім басшысына 2,2 млн теңге айыппұл салынды

Түркістан облысында қаржы бөлімінің басшысына 2,2 млн айыппұл салынды, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.

Бөлім басшысына 2,2 млн теңге айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жемқорлық қылмысын жасағаны үшін күдікті болған өңірлік Мәдениет басқармасының қаржы және жоспарлау бөлімі басшысы Г.А. Нысанбековаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын. Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Түркістан қалалық сотының үкімімен Нысанбекова айыпты деп танылды. Оған өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айыру және 2,2 млн теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды», – делінген хабарда.

Ведомство ақпарынша, қаржы бөлімінің басшысы алдау және сенімге кіру арқылы «Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы» МКҚК директорының 2020 жылға бюджет тапсырысын бекіту үшін оның 150 мың теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy