USD
USD
USD

Болгариямен матчта Скатов пен Бублик Қазақстанды алға шығарды

София қаласында Дэвис кубогінің плей-офф матчында Қазақстан мен Болгария құрамалары ойнап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болгариямен матчта Скатов пен Бублик Қазақстанды алға шығарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алғашқы болып Қазақстанның екінші, әлемнің 123-ракеткасы Тимофей Скатов пен дүниежүзілік рейтингте 179-орында тұрған Димитар Кузманов кортқа шықты.

Бірінші партияда корт иесі 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде Скатов 3:0 есебімен алға кеткенімен, болгариялық спортшы таразы басын теңестірді. Дегенмен, Тимофей мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.

Содан кейін шешуші, үшінші сетте бәсекені жеңіспен түйіндеді – 6:3.

Екі сағат 47 минутқа созылған кездесу барысында Скатов 12 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 2 эйс, 4 брейкпен көзге түсті.

Екінші кездесуде әлемнің 29-ракеткасы Бублик дүниежүзілік рейтингте 569-орында тұрған Янаки Милевпен кортқа шықты.

Бірінші партияны қазақстандық теннисші брейкпен бітірді – 6:4.

Екінші сетте Бублик бірден брейк жасап, 3:0 есебімен алға кетті. Содан кейін матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:1.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Александр 4 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.

Осылайша, Қазақстан – Болгария матчында есеп – 2:0.

Ертең, жексенбі күні үш бәсеке жоспарланған. Қазақстанға матчта жеңіске жету үшін соның біреуінде ұтса, жетіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Терроризмге қарсы қорғанысты әлсіреткені үшін 263 басшы айыппұл арқалады

Терроризмге осал нысан

Қазақстан Ресейге жанар-жағармай жеткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын

Ресейге жеткізу

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат