USD
USD
USD

Болгариядағы аурухананың COVID бөлімінде өрт шықты

Өткен түні Болгарияның Сливен қаласындағы аурухананың COVID бөлімінен шыққан өрт салдарынан 81, 66 және 70 жастағы үш қария қаза болды.

Болгариядағы аурухананың COVID бөлімінде өрт шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, ауруханадан өрт шыққаны туралы хабарлама жексенбі сағат түнгі 2:39-да (Мәскеу уақытымен сағат 3:39) келіп түскен. Оқиға орнына екі өрт сөндіру көлігі жіберілді.

Өрттің төртінші қабаттағы палатадан шыққаны анықталды. Онда қайтыс болған екі адам мен зардап шегіп, кейіннен көз жұмған тағы бір адамның денелері табылды. Қалған пациенттер қауіпсіз жерге шығарылды. Жалын 15 минуттың ішінде сөндірілді. Өрттің шығуына пациенттердің бірінің темекі шегіп, сөндіріп кетпеуі себеп болды деп шамаланып отыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе