USD
USD
USD

Болгария Ресейдің 70 дипломатын елден қуды

 Оларға тыңшылық жасап, Вена конвенциясына қарсы әрекет етті деген айып тағылды.

Болгария Ресейдің 70 дипломатын елден қуды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дипломаттар 3 шілдеге дейін кетуге тиіс. Сондай-ақ ресми София Кремльден елшіліктің штат санын қысқартуды талап етті. Айта кетейік, 2 елдің арасы Ресей Украинаға басып кірген сәттен бастап ушықты. Мәскеу бұл шешімге байланысты әлі ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Кирилл Петков, Болгария премьер-министрі:

  – 70 Ресей дипломатын елден шығару туралы шешім қабылдадық. Біздің барлаушылар олардың Болгарияның мүддесіне қарсы жұмыс істегенін анықтады. Осы маңызды операцияны сәтті өткізген Болгарияның ұлттық қауіпсіздік қызметі мен Сыртқы істер министрлігін құттықтағым келеді.

Қазір оқып жатыр

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес

Berlin Today: Қазақстан Орталық Азияның экономикалық орталығына айналуда

Астана

Ресейдің Бас прокуратурасы FIDE басшысы Тимур Турлов пен Freedom Holding атына сотқа талап-арыз түсірді

Тимур Турлов