USD
USD
USD

«Болгар бизнесмені «Новичоктан» уланған»

The Insider, Bellingcat  және Spiegel басылымдарының жазуынша, Ресейдің бас барлау басқармасының жеті қызметкері болгар кәсіпкері Емельян Гебревті улауға қатысқан.

«Болгар бизнесмені «Новичоктан» уланған»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Журналистер шпиондардың аты-жөнін шетел төлқұжаты арқылы анықтаған. Олар аты-жөндерін өзгерткенімен, туған жылы мен күнін сол күйі қалдырыпты. «Мүлдем өзгертпей-ақ қойғандары дұрыс еді. Өйткені өз суреттерінің орнына әйел адамның суретін қойып жіберген. Ал төлқұжат тарихы тіпті басқа адамдардікі болып шықты. Осыған қарап-ақ олардың шпион екенін байқауға болады» деп жазды.

Журналистер тобы Гебревті улауға бірнеше ай бойы дайындық жүргенін анықтапты. Операцияға Сергей Федотов (өз аты-жөні – Денис Сергеев), Сергей Павлов (Сергей Лютенко), Георгий Горшков (Петр Борисов), Иван Лебедев (Иван Терентьев), Николай Кононхин (Николай Ежов), Алексей Никитин (Алексей Калинин) Владимир Попов (Владимир Моисеев) және Данил Степанов (Данил Капралов) қатысқан.

Бұлардың бәрі Гебрев уланған кезде (2015 жылдың сәуір айы) және одан кейін Болгарияда болған.

Ал енді Гебревті не үшін улауы мүмкін? Ол 2008 жылы Грузия мен Ресей арасындағы соғыс кезінде Грузияға қару сатқан. Бұдан бөлек, Мәскеу «Сирияда АҚШ-тың одақтастарына қару сатты» деп күдіктенеді.

Қазір оқып жатыр

«Ересектермен бірдей жазаға тартылады»: ІІМ ата-аналарға ескерту жасады

Есірткі қылмысы

«Кастетпен ұрған»: Таразда тоғызыншы сынып оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан

қыз

Астана мен Алматыда пәтер бағасының өсуіне не әсер етеді?

Астана

Мұнай бағасы тағы өсті

Мұнай