USD
USD
USD

Болат Төкежанов Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы қызметінен кетті

Болат Төкежанов Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы қызметінен кеткенін мәлімдеді.

Болат Төкежанов Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы қызметінен кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Төкежанов неліктен мұндай шешім қабылдағаны туралы ашып айтпаған.

"Қазіргі қиын кезеңде қордың алдында бұдан да ауыр міндеттер, одан да күрделі мәселелер тұр. Сапаға деген сұраныс орын алған жағдайға қарамастан өсе түседі. Бірақ МӘМС жүйесінің іргетасы қаланды, енді оның қабырғаларын тұрғызу ғана қалды. Мен осы құрылыс жолында көмектескендердің барлығына алғыс айтамын, әсіресе басқа мемлекеттік органдардағы әріптестерге, медицина қызметкерлеріне, денсаулық сақтау менеджерлеріне, сала мамандарына және әрине, ынтымақтастық қағидаттарын қолдайтын және болашаққа сенетін медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға алғысымды білдіремін", - деп жазды ол.

Кейбір ақпарат көздеріне қарағанда, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жаңа басшысы Айдын Ашуев болады деген болжам бар.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті