21 Шілде 14:20
...

Болат Назарбаевтың көмекшісіне іздеу жарияланды

Фото:

Болат Назарбаевтың оң қолы Елдос Қоспаевқа іздеу жарияланды.

Алматы, NEGE. Қоспаев сәуір айында Қазақстаннан шығып кеткен. 20 шілдеде Алматы соты прокуратураның ұсынысы бойынша оны қамауға алу туралы санкция берді. 

14 шілдеде ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес қылмыстық іс-әрекет эпизодтарының бірі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына келесі азаматтар қамалды:

- Танашев Тимур Сержанұлы, 1983 жылы туған;

- Бабаев Рауан Тимурұлы, 1992 жылы туған;

- Алтыбасаров Аңсар Мұратұлы, 1990 жылы туған;

- Абижанов Дастан Мәдиұлы, 1977 жылы туған.

15 шілдеде аталған тұлғаларға қатысты Алматы қаласының мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Ал, Айдос Айдынғалиұлы Қоспаев мен Руслан Евгениевич Шалин күдікті деп танылды.

Қазақстандағы белгілі бизнесмен Алмас Абдығаппаровтың жары Ольга Абдығаппарова елордада баспасөз мәслихатын өткізіп, Болат Назарбаевтың Esentai Sity жобасын қалай тартып алғанын айтып берді. Ол Болат Назарбаевтың қызы Құндыз Назарбаева мен көмекшісі Елдос Қоспаевтың қысым жасағанын жеткізген еді. 

Тегтер: