USD
USD
USD

Болат Назарбаевтың қылмысы дәлелденсе, жазаланады – Қошанов

Бүгін мәжіліс спикері Ерлан Қошанов журналистерге берген сұхбатында  «Алтын Орда» базарындағы заң бұзушылықтар үшін «Болат Назарбаев жауапқа тартыла ма?» деген сұраққа жауап берді.

Болат Назарбаевтың қылмысы дәлелденсе, жазаланады – Қошанов
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE Бірнеше күн бұрын Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев «Алтын Орда» базарында тергеу жүріп жатқанын айтқан болатын. Оның сөзінше, базарда санитарлық, экологиялық, құрылыс, төтенше жағдай нормалары бұзылған. «Алтын орда» базарын Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев пен оның туыстары басқарады деген ақпарат тарады

«Біріншіден, Алматыдағы «Алтын орда» базары туралы айтқан Қанат Бозымбаевтың сұхбатын көрген жоқпын. Алтын орда базарына қатысты қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  Егер қылмыс жасаса, базардың қожайыны болсын, басшысы болсын, тиісті жазаға тартылады. Менің ойымша, әділетті шешім шығады, артын күту керек», – деді Ерлан Қошанов.

«Болат Назарбаевтың қашып кеткені рас па?» деген сұраққа Қошанов: «Ол туралы менде мүлде ақпарат жоқ», – деп  қысқа жауап қайтарды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Қытай

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

ERG

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

Кенші

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді

.