USD
USD
USD

Болат Назарбаев сотқа шағымданды

Кейбір ақпарат көздерінің хабарлауынша, экс-президент Н.Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев Алматы қаласының Әуезов аудандық сотына шағым түсірген.

Болат Назарбаев сотқа шағымданды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Б.Назарбаев кәсіпкер Азим Абдуллаевтың үстінен шағымданған. Алматыдағы әйнек зауытының қожайыны А.Абдуллаев бұған дейін 15 жыл бойы Б.Назарбаевқа салық төлеп келгенін мәлімдеген болатын. 

«15 жыл бойы тапқан табысымның 50 пайызын беріп келдім. Одан кейін нақты соманы белгіледі.Бизнестегі барлық нысандарымнан ай сайын 300 мың доллардан төлеп келдім», – деген А.Абдуллаев.

Бұл туралы krivosheev.live телеграм каналы былай деп жазды: «Жаңа Қазақстан осындай. Болат Назарбаев блогер Азим Абдуллаевқа өкпелеп қалды да, оны сотқа берді. Бугатти-адам нәзік жанды екен...».

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт