USD
USD
USD

Болат Назарбаев ауыр халде жатыр

Әлеуметтік желіде Болат Назарбаевтың ауыр халде жатқан видеосы тарады. 

Болат Назарбаев ауыр халде жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Акпарат құралдарында Болат Назарбаевтың ауыр халде жатқан видеосы мен суреттері тарады, деп хабарлайды "Экспресс К" порталы.

Қазір Болат Назарбаев Алматыда немесе Алматы облысында болса керек. Дереккөздер Тұңғыш Президенттің інісіне пневмония мен тромбозбен асқынған көмей ісігі диагнозы қойылғанын хабарлады. 

Дәрігерлердің айтуынша, Болат Назарбаевтың жағдайы өте ауыр. Оған қоса науқастың қант диабеті бар, ол инсулинге тәуелді.

Дереккөздер Тұңғыш Президенттің інісінің ұзақ уақыт бойы еңбекке жарамсыз болып, бұрын Германия мен Израильде ауыр емделуден өткенін растады.  Дәрігерлердің тасымалдауға тыйым салғанына қарамастан, Болат Назарбаев өткен жылдың соңында туған еліне жеткізілді. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу