USD
USD
USD

Болат Әбілов жаңа партия құрды

Болат Әбіловтің жаңа партиясы "Bizdin Tandau" деп аталады. Әбілов өз сөзінде қаңтар-желтоқсан секілді қанды оқиғалар енді қайталанбауы қажет екенін айтты.

Болат Әбілов жаңа партия құрды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Назарбаевтың 30 жыл бойы билігінің соңы қаңтар оқиғасымен аяқталды. Сол себепті Назарбаевтың есімі халықтың есінде сақталып қалуға лайықты емес. Бүгін біз "Bizdin Tandau" саяси партия құратынымызды жариялаймыз. Бұл біздің таңдауымыз екенімізді білдіргіміз келеді. Бұл біздің демократия, бостандық, әділдік үшін таңдауымыз", - деді Әбілов.

Партияны құрушылар Қазақстан атауын – Қазақия деп, ал ел астанасын – Алашорда деп атауды ұсынды.

Тіркелгеннен кейін Болат Әбіловтің партиясы мына мәселелерді ұсынуды жоспарлап отыр:

- "Самұрық-Қазына" қорын тарату;

- ЕАЭО мүшелігінен бас тарту;

- ҰҚШҰ-ға мүше болудың орнына түркі елдерімен одақ құру;

- 1930 жылғы ашаршылық, 86-шы жылғы Желтоқсан оқиғасы мен қасіретті қаңтар секілді қайғылы оқиғаларды зерттеу;

- Заманбек Нұрқаділов пен Алтынбек Сәрсенбаевқа жасалған саяси қастандықтарды тергеу.

Әбілов сонымен қатар басқа партиялардың ұсыныстарында мұндай маңызды мәселелердің қарастырылмағанын атап өтті.

"Бұл оларды артқа тарту емес екенін атап өткім келеді. Біз жеңу үшін келдік. Демократиялық партия – біздің таңдауымыз", - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы