USD
USD
USD

Болат Әбілев: Маған ҰҚК-ге жұмысқа кіруді ұсынды...

Белгілі кәсіпкер, меценат, саясаткер Болат Әбілев Арманжан Байтасовтың  Baitassov Live арнасына сұхбат беріп, шахтада қалай жұмыс істегенін, қалай бизнес бастағанын айтты.

Болат Әбілев: Маған ҰҚК-ге жұмысқа кіруді ұсынды...
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірер жыл бұрын «саясаттан уақытша кетемін» деп мәлімдеген Болат Әбілев көптен көрінбей кеткен еді. Кәсіпкер сол «тыныштықты бұзып», сұхбат берді.

Сұхбаттың бірінші бөлімінде Б.Әбілев қандай отбасынан шыққанын, шахтада жұмыс істеген кездегі көрген қиындықтарын, Теңіз мұнай кенішінде де жұмыс істеп көргенін айтты.

«Шахтада істедім, қиындықтан қорықпаймын. Құрал-жабдықты аяғымызға байлап алып, оны жеткізетін жерге дейін еңбектеп апаратынбыз. Сонда «Мен мұнда не істеп жүрмін?» деп ойладым. Маған кандидаттық дисертация жазуды ұсынды, «ҰҚК-ге жұмысқа кір» деді, Советтік, партиялық органдарға баруды ұсынғандар болды. Жоқ, мен шахтаны таңдадым.

Өзімді әр салада сынап көргім келді. Сөйттім де Құлсарыдан бір-ақ шықтым», – деді Болат Әбілев.       

Қазір оқып жатыр

Азия ойындары: Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті

.

Екі алтын, екі қола: Қазақстан Азия ойындарын сәтті бастады

.

Алматы тау кластері: Қазақстан туризмінің болашағы қандай?

 Kazakh Tourism Development

Тоқаев Жеңіс Қасымбекті тағы да мақтады

.