USD
USD
USD

Болат Жәмішев «Қазақстан халқына» қорының төрағасы қызметінен кетті

Болат Жәмішев «Қазақстан халқына» қорының төрағасы қызметінен кетті.

Болат Жәмішев
Фото: ОКҚ

Алматы, NEGE. «Қазақстан халқына қоры» 2022 жылы құрылған болатын. Оны содан бері Болат Жәмішев басқарып келеді.

Болат Жәмішев басқарма төрағасы болып сайланған өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты қордағы жұмысын аяқтау туралы шешім қабылдады.

«Қазақстан халқына» қорының мәліметінше, қор 104 қайырымдылық бағдарламасы мен жобасына бастамашы болды, оның 62-сі іске асырылды.

«Қорда жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік болды. Біздің бастамамызда қорды қолдағандардың барлығына шын жүректен алғыс айтамын. Бірге айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік және қор алдағы уақытта да дами беретініне сенемін. Барлық серіктестерге, донорларға және қызметкерлерге ортақ игі ісімізге қосқан үлесі үшін алғыс айтамын», – деді Болат Жәмішев.

Қазір оқып жатыр

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы