USD
USD
USD

Болат Өтемұратов Монакодағы ең қымбат аудандардың біріне инвестиция құйған

Қазақстандық миллиардер Болат Өтемұратов – Монакодағы Жерорта теңізінің жағалауында салынған Mareterra элиталық ауданының инвесторларының бірі. 

Болат Өтемұратов
Фото: bulatutemuratov.kz

Астана, NEGE. Forbes Australia басылымының мәліметінше, қазақстандық кәсіпкер Mareterra жобасына қаржы құйған ірі инвесторлардың қатарында. Миллардердің жобадағы үлесі 5%-дан 10%-ға дейін болған.

Болат Өтемұратов Forbes басылымына берген пікірінде жобаға қатысуының қаржылық нәтижесінен бөлек, Монако мен өңірдің символына айналған бастаманы қолдағанына ризашылығын білдірді.

«Шын мәнінде ерекше дүние жасасаңыз, нарық та соған сай жауап береді. Қаржылық нәтижеден бөлек, Монако мен өңірдің көрнекті нышанына айналған жобаны қолдағанымызға ерекше қуаныштымыз», – деді ол.

Mareterra құрылысына шамамен 2,3 млрд доллар жұмсалып, жоба 11 жыл бойы жүзеге асырылды.

Жобадағы барлық 130 пәтер мен вилла құрылыс аяқталмай тұрып-ақ сатылып кеткен. Mareterra жылжымайтын мүлкін сатудан түскен жалпы табыс 6,6 млрд доллардан асты.

Forbes келтірген қаржылық құжаттарға сәйкес, 2025 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша жобаны жүзеге асырған компанияның таза пайдасы 3 млрд долларға жеткен. Бұл қаражат инвесторлар арасында бөлінген.

Қазір Mareterra әлемдегі ең қымбат тұрғын аудандардың бірі саналады. Мұндағы кейбір пәтерлердің бағасы бір шаршы футына 12,9 мың долларға дейін жетеді. Ал теңіз жағалауындағы виллалардың құны 230 млн доллардан басталуы мүмкін.

Mareterra жобасына Монакодағы белгілі девелоперлер мен халықаралық миллиардерлер де инвестиция салған. Олардың қатарында Патрис Пастор, Казираги отбасы және швейцариялық миллиардерлер Джаммария мен Марио Джермано Джулиани бар.

Қазір оқып жатыр

Алты адам қаза тапқан Aqtogai Milk-тегі қайғылы жайтты тексеру қорытындысы жарияланды

Aqtogai Milk

Қарин, Бектенов, Балаева: үш тағайындаудың астарында не жатыр?

Қарин, Бектенов, Балаева

Қазақстан Қытаймен мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті дәйекті түрде нығайтуға дайын – Тоқаев

Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы

ERG Қазақстандағы үш еншілес компаниясын тарату жұмыстарын бастап кетті

ERG