USD
USD
USD

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

OLX платформасында тұңғыш президенттің інісі Болат Назарбаевтың 55 жасқа толуына орай шығарылған болуы мүмкін естелік қолсағаты сатылымға шығарылды. 

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат
Фото: OLX-те жарияланған хабарландырудан скрин

Астана, NEGE. Сатушы Болат Назарбаевтың портреті түсірілген қара циферблат үшін 600 мың теңге сұраған. Сонымен қатар сағаттың бағасын келісуге дайын екенін көрсеткен.

Сағаттың артқы қақпағында Болат Назарбаевтың есімі, «55 лет» деген жазу және «23 наурыз 2008 жыл» деп қашалып жазылған. Бұйымда Limited деген де белгі бар.

Хабарландыруда сағаттың жаңа екені әрі сыйлықтың түпнұсқалығын растайтын құжаты бар екені жазылған.

«Естелік бұйым ретінде сақталған. Сыйлықтың шығу тегін растайтын сертификаты мен құжаты бар», – деп көрсеткен сатушы.

Сатушы қызығушылық танытқан жандармен жеке кездесіп, сағат пен оның құжаттарын көрсете алатынын айтады.

Алайда бұйымды кімнің жасағаны, бастапқыда кімге сыйланғаны және оның түпнұсқалығы туралы ақпарат жарияланбаған.

Қазір оқып жатыр

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған

Мәулен Әшімбаев Тоқаевтың реформалары туралы кітап жазып, таныстырды

Мәулен Әшімбаев