USD
USD
USD

Болат Назарбаевтың иелігінде болған ауыр машина жасау зауытының активтері мемлекетке қайтарылады

Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлады. 

Алматы
Фото: aztm.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін Алматы қаласының прокуратурасы Зауыт мүлкін заңсыз сату фактілерін анықтаған болатын.

Қала прокуратурасының қадағалау актісін орындау шеңберінде Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті сотқа мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен жүгінген

Талап-арыздың мазмұнында зауытқа 37 га астам жер учаскесін және жалпы ауданы 79 966 мболатын 94 тұрғын емес үй-жайды қайтару көрсетілген.

Сот талапкердің талаптарын қанағаттандырды, апелляциялық саты шешімді күшінде қалдырды.

Болат Назарбаев 2007 жылы сәуірде «Темир кон» серіктестігінен «Алматы ауыр машина жасау зауыты» жарғылық капиталының 86,78 пайыз акциясын сатып алған. 

Қазір оқып жатыр

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев

Шымкентте 39 жастағы ер адам көршісін балалардың көзінше өлімші етіп сабап, оқиға орнынан кетіп қалған

ұрлық

«Қазақстанға Алланың азабы керек»: желіде халқына қарғыс тілеген мұғалім кешірім сұрады

желіде пікір білдірген мұғалім кешірім сұрады