USD
USD
USD

Болат Назарбаев пен Майра Құрманғалиеваның ұлына айыппұл салынды

Болат Назарбаев пен Майра Құрманғалиеваның ұлына заңсыз құрылыс жүргізгені үшін айыппұл салынды, деп хабарлады Nege.Aqsha телеграм каналы. 

Болат Назарбаев пен Майра Құрманғалиева
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. 22 жастағы Ханболат Назарбаев Астанадағы Тәуелсіздік даңғылында сауда ойын-сауық орталығының құрылысын бастаған. Бұрын ол жерде қонақүй мен мейрамхана болған.

Жер телімі 2020 жылдың ақпан айында, туған күнінен кейін Болат Назарбаевтың ұлына сыйға тарту шарты бойынша берілген. Ол нысанды салуға рұқсат алмай және алдын ала ескертпестен кешенді бұзып, орнына сауда орталығын салуға кіріседі. 

Жер заңнамасын және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманы өрескел бұзғаны үшін Ханболат Назарбаевқа 103 500 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар ол заңсыз нысанды бұзуға міндетті.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек