Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Болашақ» түлегі ауылына 12 млн теңгенің лабораториясын сыйға тартты

 Меркі ауданында «Жомарт түлек» жобасы аясында «Туған жерге туыңды тік» ұстанымын ұстаған жеке кәсіпкер ауыл мектебіне үлкен сый жасады.

«Болашақ» түлегі ауылына 12 млн теңгенің лабораториясын сыйға тартты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тәтті ауылдық округінде туған Әбутәліп Мүтәлі өзінің кіндік қаны тамған ауылындағы №13 М.Маметова атындағы орта мектепке құны 12 миллион теңгені құрайтын лабораторияны сыйға тартты. Кәсібінен нәсібін тапқан ол «Болашақ» бағдарламасы аясында АҚШ-та оқып, елге келген соң STEM Academia» компаниясының негізін қалаған. «STEM» әлемдік жүйесі бағдарламалау және құрастыру дағдыларын дамытуға мүмкіндік сыйлайды. Сонымен қатар бұл жүйе оқушылардың ғылыми-техникалық салаға деген қызығушылықтарын қолдау мақсатында робототехникасын шығармашылық және сыни қолдануға бағыт-бағдар береді.

Әбутәліп Мүтәлінің бастамасымен «1000 ІТ сыныбы – балалар үшін» жобасы қолға алынып, қазірге 500-ге жуық республика аумағындағы мектептер заманауи құрылғылармен жабдықталып отыр. Енді өзінің отбасының атынан «мектептегі балалардың болашағы жарқын болсын» деген мақсатта ауыл мектебінің бір кабинетін толықтай жабдықтап берді. Өзі қалалық жерде оқығанымен ата-анасы осы Тәтті ауылында туып, қызмет еткен. ІТ кабинеттің ашылу салтанатында ардагер ұстаздар мен ауыл ақсақалдары ізгі тілек ниеттерін білдіріп, саналы да салиқалы ұрпақ өсірген анасына алғыстарын білдірді.  

Қазір оқып жатыр

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш

Ұлттық банктен кеткен Шолпанқұлов Solva Group директорлар кеңесінің құрамына кірді

Берік Шолпанқұлов