USD
USD
USD

«Болашақ» тізіміне 40 мамандық қосылды

Мамандықтар тізімі еңбек нарығының трендтерін талдау нәтижесінде толықтырылған. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин желідегі парақшасында жазды. 

«Болашақ» тізіміне 40 мамандық қосылды
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE.  Тізім инновациялар, жаңа технологиялар, медицина және индустриялық инженерия, жаратылыстану ғылымдары саласы бойынша толықтырылды.

«17 мамандықтың атауы кеңейтіліп, бұрыннан бар мамандықтар қатарына қосылса, 23-і жаңа мамандық ретінде енгізіліп отыр. Жалпы алғанда, басым мамандықтардың тізімі техникалық бағыттағы мамандықтармен 30%-ға кеңейтілді», - дейді Әнуар Жанғозин.

Орталық басым мамандықтарды анықтау үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар қажеттілігіне қатысты 70-ке жуық өтініміне талдау жасаған.

«Кадрлық нарықтың орта мерзімді болжамы ескерілді. Мемлекеттік органдар, ЖОО, ғылыми орталықтар, индустрия және бизнес өкілдерінің қатысуымен сараптамалық кездесулер өткіздік», - деп жазады ол.

Биылғы жылы шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуға арналған басым мамандықтар тізіміне жалпы академиялық оқу бойынша 92 мамандық және тағылымдамадан өтуге 158 мамандық кірді. Тізімді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтынан қарауға болады.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы