Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Болашақ педагогтар мен докторанттардың стипендиясы артады

Қазақстанда педагогикалық бағытта оқитын студенттер мен докторанттарға стипендия көлемі артады. Тиісті құжат Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жария талқыға ұсынылды. 

Болашақ педагогтар мен докторанттардың стипендиясы артады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шәкіртақы сомасын көтеруге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 27 мамырдағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында берген тапсырмасы негіз болды. «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттарында оқитын оқитын студенттерге – 42000 теңге», - делінген құжатта.

Ал басқа мамандықтардағы студенттерге стипендия бұрынғы 26 186 теңге сомасында беріледі. Мұнымен қоса, докторанттардың стипендиясы 150000 теңгеге жетеді. Қазіргі кезде оларға 102 498 теңге сомасында беріліп келеді. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі. Еске сала кетейік, биыл мамырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев педагогика мамандықтарының стипендиясын 26 мың теңгеден 42 мың теңгеге арттыруды тапсырды. Сонымен қатар Президент докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін көбейту қажеттігін айтқан еді.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат