USD
USD
USD

«Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығы президенті Айнұр Қарбозова қызметінен кетті

Айнұр Қарбозова Болашақ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті ретіндегі жұмысын аяқтады. Бұл туралы Қарбозованың өзі мәлімдеді.  

«Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығы президенті Айнұр Қарбозова қызметінен кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Осы аптада мен ХБО-дағы жұмысты аяқтадым. Менің ХБО-дан кетуім Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Болашақты» қайта бағдарлау қажеттілігі туралы тапсырмасы аясында орын алғаны өте өкінішті.

Мен кету туралы шешімді ертерек қабылдағанымды нақтылағым келеді және бұл маған ХБО президенті ретінде екі жарым жыл ішінде қанша оң өзгерістер енгізгенімді ескергенде оңай тиген жоқ», – деді ол.

Қарбозова жетекші ретінде осы жұмыс орнында күнімен-түнімен жүргенін атап өтті. «Әріптестерімнің, стипендиаттардың, түлектердің есінде 24/7 қолжетімді, жұмыс орнында күнімен-түнімен жүретін жетекші ретінде есте қалсам деймін. Қол жеткізілген сапалы өзгерістерге қатысқандардың барлығына тағы да алғысымды білдіремін», – деді ол.

Еске салсақ, жақында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда алдағы білім беру реформалары және «Болашақ» бағдарламасына қатысты түбегейлі өзгерістер болатынын, «Болашақ» бағдарламасы қайта бағдарланатынын айтқан еді.  

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино