USD
USD
USD

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдаудың аяқталуына 4 күн қалды

Магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламаларына түсуге өтінімдер eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады, деп хабарлайды министрліктің Telegram парақшасы. 

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдаудың аяқталуына 4 күн қалды
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеу онлайн режимінде өтеді және 3 кезеңнен тұрады:

- кешенді тестілеу

- тәуелсіз сарапшы комиссия мүшелерімен жеке әңгімелесу

- кадрларды шетелде даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында құжаттарды қарау.

Үміткерлер конкурстық іріктеуге қатысу үшін 2 негізгі құжатты ғана ұсынуы керек - «Болашақ» бойынша оқуға ұсынылатын жоғары оқу орындар тізіміндегі шетелдік университеттен шақыру, сондай-ақ нәтижесі кемінде B1 деңгейіндегі мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификат.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити