USD
USD
USD

«Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқуға 1055 стипендия бөлінді 

 196 үміткерге «Болашақ» стипендиясы тағайындалды. Бұл туралы шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында белгілі болды.

«Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқуға 1055 стипендия бөлінді 
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Стипендия магистратура, докторантура, резиндентура бойынша оқитын, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтетіндерге беріледі. Айта кету керек, үміткерлер 16 мемлекеттің жетекші оқу орындарында білім алады. Оның ішінде Гарвард, Колумбия университеттері, Лондон экономика және саясаттану мектебі, Токио университеті бар. Жалпы биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия бөлінді. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 28 қазанға дейін жалғасады.

Халықаралық бағдарламалар орталығының Президенті Айнұр Кәрібозова: "Осы жылы «Болашақ» бағдарламасының шеңберінде басымды мамандықтар 7 бағытта айқындалды. Олар: жаңа технологиялар-инновациялар, өндірістік инжиниринг, білім беру, денсаулық сақтау және жаңа бағыт – бұл креативті индустрия. Мамандықтар: гендік медицина, қазіргі пандемия жағдайындағы ерекше сұранысқа ие вирусология, имммунология, реабилитология, эпидемиология", – деді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков