USD
USD
USD

«Болашақ» бағдарламасы жоғары оқу орындарының тізіміне жаңа университеттер қосылды

23 жетекші техникалық университет «Болашақ» бағдарламасы жоғары оқу орындарының тізіміне кірді.

«Болашақ» бағдарламасы жоғары оқу орындарының тізіміне жаңа университеттер қосылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биыл «Болашақ» бағдарламасы гранттарының 60%-ы инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінді.

Осыған орай «Болашақ» бағдарламасымен оқуға болатын жоғары оқу орындарының тізімі әлемнің 23 жетекші техникалық университетімен толықты. Олардың қатарында Эйндховен техникалық университеті, Гамбург университеті, Лестер университеті, Поханг ғылым және технология университеті, Дрезден техникалық университеті және т.б.

Біз жыл сайын университеттердің географиясын кеңейтіп отырамыз. Өткен жылы тізім Австрия, Чехия, Ирландия және Оңтүстік Африка университеттерімен толықты.

Жалпы тізімге QS World University Rankings, World University Rankings, Academic Rankings of World University Rankings халықаралық академиялық рейтингтерінің 250 үздік университеттері мен БРҮҚОА елдері ұлттық рейтингтерінің 20 үздік университеттері қатарындағы 27 елдің 236 университеті кіреді.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер