USD
USD
USD

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің есімі жарияланды

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясы мен «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының иегерлерінің тізімін жариялады.

"Болашақ" стипендиясы иегері
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Министрдің мәлімдеуінше, жаңа стипендия иегерлерінің қатарында 179 магистрант, 12 докторант және бакалавриатта білім алатын бір стипендиат бар. Сонымен бірге 40 қазақстандық шетелдік ұйымдарда кәсіби тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.

«Мамандарымыздың елге жай ғана дипломмен емес, жаңа біліммен, технологиялармен және халықаралық тәжірибемен оралғаны маңызды. Олар бұл білімді Қазақстанның дамуына бағыттап, жаңа өндірістер құрып, озық технологияларды енгізіп, болашақтың жаңа салаларын қалыптастыруы керек», – деп жазды Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ ғылым министрі Қазақстанға шетелдік университеттердің жай ғана түлектері емес, еліміздің технологиялық және экономикалық дамуына үлес қоса алатын білікті кадрлар қажет екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясына жасалған шабуыл кезінде 12 адам қаза тапты: Қазақстан СІМ мәлімдеме жасады

СІМ ғимараты

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған адам ұсталды

.

Қазақстандықтар такси шақыра алмай жатыр: «Яндекс Go» жұмысында ақау шықты

такси

Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

ұрлық