USD
USD
USD

«Болашақ» кенішінде жарылыс болып, төрт адам ауруханаға түсті

Хромтау ауданындағы «Болашақ» шахтасында қысқа мерзімді тұйықталу болып, 4 жұмысшыны күйік шалды. Қазіргі кезде осы шахтада кен өндіру жұмыстары тоқтатылды.

Шахта
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты «Болашақ» шахтасында төтенше оқиға тіркелді.

«Кен өндіру блогында бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде ауа кеңістігінің қысқа мерзімді тұтануы пайда болды. Салдарынан төрт адамды күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Зардап шегушілерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Себептері анықталып, жою жұмыстары аяқталғанша шахтадағы кен өндіру жұмыстары тоқтатылды», – деп хабарлады «Қазхром» ТҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі департаментке әлі ресми хабарлама түспеді. Инспекция басшысының орынбасары Талғат Искариннің айтуынша, алдымен хабарлама түседі. Кейін комиссия құрылып, оның құрамы бекітіледі. Бұл биыл өндірісте болған алғашқы төтенше жағдай.

Қазір оқып жатыр

Әлеуметтік төлем: Қазақстанда отбасының байлығы қалай есептеледі?

отбасының әл-ауқаты

ҚМА Перизат Қайраттың туысының Дубайдағы пәтерлеріне қатысты мәлімдеме жасады

Перизат Қайрат

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

қол қою

Қырғызстанда пара алу күдігімен 15-ке жуық кеденші мен шекарашы ұсталды

Өткізу пункті