USD
USD
USD

«Болашақ» бағдарламасы тізімінен Бостон университеті алынып тасталды

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкіметте өткен брифингте бірқатар танымал америкалық университеттің неліктен «Болашақ» бағдарламасы тізімінен шығарылғанын түсіндірді.

Министр
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Оның айтуынша, соңғы жылдары дәл Бостон университетіне, Дейвистегі Калифорния университетіне және Оңтүстік Калифорния университетіне  қазақстандықтар шамадан тыс көп түсе бастаған. Сонымен қатар бұл университеттерде оқуға түсуге кепілдік беретін делдал компаниялар жұмыс істеген.

«Біз бұл университеттермен келіссөздер жүргіздік, "Осындай барлық компанияны алып тастаңыздар, әйтпесе, сіздерді тізімнен шығарамыз" дедік. Бізге сапа керек. Алайда бұл университеттер құлақ аспады, сондықтан біз осындай шешім қабылдауға мәжбүр болдық», – деді Саясат Нұрбек.

Бұған дейін Саясат Нұрбек Америка Құрама Штаттарының жоғары оқу орындарына тапсыратын қазақстандық студенттер саны айтарлықтай азайғанын мәлімдеген еді. Бұған виза алудың қиындай түсуі себеп болған. Сондай-ақ министр Қазақстанда ашылған шетелдік университеттердің филиалдарына сұраныс артқанын айтып өтті.

Қазір оқып жатыр

Қызылордадағы шағын тоннажды мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

мұнай өңдеу зауытындағы өрт

Әл-Фарабидегі жол апаты: Алматыда полиция экс-басшысы жүргізушісінің соты басталды

сот тыңдауы

Жұмыс күні аяқталғаннан кейін мұғалімдер ата-аналар чатындағы сұрақтарға жауап беруден бас тарта ала ма?

Атаналар чаты

Қаржы сарапшысы: Базалық мөлшерлеме – нарықтағы ақшаның құны

Әсел Әуелбекова