Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті
Бокстан ұлттық құрама бас бапкері Ғалым Кенжебаев қызметінен кетті.
Алматы, NEGE. Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері бұл жөнінде әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, шешімді өзі қабылдаған. «Екі жылдай уақыт аянбай еңбектендік. Қолдан келгеннің барлығын жасадым. Ешкімді сүйрелеген жоқпын. Ұлттық құрамаға қатаң іріктеуден өткен жігіттер ғана алынды» дейді Кенжебаев. Бір ғана өкініші барын алға тартады.
Олимпиадаға даярлықта Сабырхан Махмудқа аз мүмкіндік берген. Айта кетейік, Сабырхан соңғы ел чемпионатында қарсылас шақ келтірмеді. Бірақ Олимпиадаға Сәкен Бибосынов барып, қола жүлдегер атанды. Ғалым Кенжебаев бұл қызметке 2018 жылдың желтоқсанында тағайындалды. Оған дейін жастар құрамасының бас бапкері болды.