USD
USD
USD

Бокстан Ұлттық құрама мүшелері өзгеруі мүмкін

Қазақстан бокс федерациясының бапкерлік мәселелер жөніндегі вице-президенті, бокстан ҚР құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы Бақтияр Артаев Олимпиададағы боксшылардың өнеріне баға берді. 

Бокстан Ұлттық құрама мүшелері өзгеруі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазір боксқа қатысты нақты шешімдер қабылданады. Биыл қазан айында әлем біріншілігі Сербияда өтеді. Соған байланысты ұлттық құрама тізімін толықтай өзгертіп, жақты командамен барып, жақсы нәтиже береміз деген ойдамыз», - деді Б. Артаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның пайымынша, осындай нақты нық қадамдар жасау керек болып тұр.

«Дайындық кезінде кеңестік кезеңдегі дайындық тәртібінен арыла алмай келеміз. Өйткені күніне үш мезгіл дайындықтың өзі спортшыларға өте ауыр тиіп жатыр. Сондықтан дайындық кезеңі өзгеруі ықтимал. Бұдан бөлек, бапкерлер мәселесін қарастырамыз. Алдағы әлем біріншілігінде жанкүйерлерді қуантамыз деген ойдамын», - деді Бақтияр Артаев.

Қазір оқып жатыр

Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады

.

«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі

«Самұрық-Қазына»

Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды

Теміржол апаттар медицинасы госпиталі

Ақтауда автогаз құю бекеттеріндегі кезек азайды

Ақтау