USD
USD
USD

Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Болат Теміров қайтыс болды

Қазақстан бокс федерациясы КСРО чемпионы Болат Теміровтың дүниеден озғанын мәлімдеді.

Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Болат Теміров қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Атақты кеңестік және қазақстандық боксшы, КСРО чемпионы, ҚазКСР және Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы Болат Теміров дүниеден өтті. Ол небәрі 53 жаста еді...

Болат Бисенұлы - 1992 жылғы Олимпиада қатысушысы, бірнеше рет әлем чемпионаттарының қатысушысы. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ұлттық құраманың капитаны болды. Бокстағы мансабын аяқтағаннан кейін бизнеспен сәтті айналысып, ҚБФ бас хатшысы қызметін атқарды, Атырау облысының құрметті азаматы болды.

Қазақстан бокс федерациясы мен еліміздің барша бокс қауымдастығы Теміров Болат Бисенұлының отбасының қайғысына ортақтасып көңіл айтады», - делінген федерация хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық