USD
USD
USD

Бокстан ерлер командасы Токио олимпиадасына толық құраммен барады

Бүгін Иорданияның Амман қаласында бокстан Токио Олимпиадасына іріктеу турнирінің соңғы жарыс күні өтуде. Қазақстандық Сәкен Бибосынов сегізінші жолдаманы қоржынға салды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бокстан ерлер командасы Токио олимпиадасына толық құраммен барады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 52 келіде жұдырықтасқан Сәкен ширек финалда жеңіліс тапқан болатын. Іріктеу бәсекесінің ережесі бойынша, бұл салмақта тағы бір жолдама сарапқа салынды. 

Бибосынов ширек финалда жеңіліс тапқан Филиппин өкілі Карло Пааламмен құрлықтық турнирдегі соңғы жолдамаға таласты.  Жекпе-жектің үш кезеңінде де төрешілер жеңісті Сәкенге берді.

Бірінші және үшінші раундта Бибосынов 4:1 есебімен алға шықса, екінші айналымда 3:2 есебімен басым түсті.  Осылайша, Ғалымбек Кенжебаев жаттықтыратын бокстан Қазақстан командасы Токио Олимпиадасының мүмкін болғанын сегіз жолдамасын да жеңіп алды. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy