USD
USD
USD

Бокстан әлем чемпионы Теміртас Жүсіповке Көкшетауда пәтер берілді

Бокстан әлем чемпионы Теміртас Жүсіповке Көкшетауда пәтер кілті және ақшалай сертификат тапсырылды, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Бокстан әлем чемпионы Теміртас Жүсіповке Көкшетауда пәтер берілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев құттықтау сөзінде облыста спорт дәстүрі мықты екенін және спорт қозғалысын дамыту үшін көп нәрсе жасалып жатқанын атап өтті.

«Біз ақмолалықтар Теміртастың жеңісін мақтан тұтамыз! Бұл ерекше жеңіс. Бұл ерлер арасындағы әлем чемпионатында Ақмола облысының алғашқы алтын медалі.Теміртас тәжірибелі спортшы. Осы жоғары марапатқа жету жолында ол әскери қызметкерлер арасында екі рет әлем чемпионаттарын жеңіп алды. Бұл жеңістердің лайықты нәтижесі әлем чемпионатының алтын медалі болды», - деді Ермек Маржықпаев.

Теміртас Жүсіповтің әлем чемпионы медалі Тәуелсіздіктің 30 жылдығында тек ақмолалықтар үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін ерекше сый болды.

Аймақ басшысы жеңімпазға пәтер кілтін және ақшалай сертификатты табыс етсе, ал оның жеке жаттықтырушысы Қуанышбай Қоқышевтің ерекше еңбегі мен жоғары кәсібилігін атап өтті. Сондай-ақ оған да ақшалай сертификат тапсырылды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе