USD
USD
USD

Бокстан әлем чемпионатында бүгін үш қазақстандық рингке шығады

Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін үш қазақстандық спортшы рингке шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бокстан әлем чемпионатында бүгін үш қазақстандық рингке шығады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлем чемпионатының жүлдегерлері Алуа Балқыбекова, Жайна Шекербекова және Надежда Рябец алғашқы кездесулерін өткізеді.

Алуа Балқыбекова 48 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда сингапурлық Кей Ван Чи Ваймен, Жайна Шекербекова (54 кг) оңтүстіккореялық Э Чжи Иммен, Надежда Рябец (66 кг) тағы бір кореялық боксшы Сён Суджинмен жұдырықтасады.

Үшеуі де Астана уақытымен сағат 14.30-да басталатын күндізгі сессияда өнер көрсетеді.

Әлем біріншілігін тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасынан қарауға болады.

Осыған дейін рингке шыққан үш қазақстандық боксшы келесі кезеңге өтті.

Қазір оқып жатыр

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet