USD
USD
USD

Бокстан әлем чемпионаты: Асланбек Шымбергенов Шахрам Гиясовті жеңді

  Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Асланбек Шымбергенов екінші жекпе-жегін сәтті өткізді.

Бокстан әлем чемпионаты: Асланбек Шымбергенов Шахрам Гиясовті жеңді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Асланбек Шымбергенов (71 келі) өзбек спортшысы Шахрам Гиясовпен кездесті. Бірінші раунд қазақстандық боксшының басымдығымен аяқталды. Екінші раундта төрт төреші Асланбекке сенім білдірсе, біреуі өзбек боксшысына қолдау көрсетті. Енді Асланбек 1/8 финалда германиялық Магомед Шачидовпен қолғап түйістіреді. Шахрам Гиясов - тәжірибелі боксшының бірі. 2016 жылы Рио олимпиадасында «күміс» алса, 2017 жылы Әлем және Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты.

Асланбек бұдан бұрын 1/32 финалда ирандық Фархад Моради Аташгахты тізе бүктірген еді. Еске салсақ, бүгін Махмуд Сабыржан (54 келі), Саматәли Төлтаев (60 келі), Айбек Оралбай (92 келі) қарсыластарынан басым түсіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Әлем чемпионатына ел құрамасында 13 боксшы барды. Олардың арасынан Бек Нұрмағамбет (86 келі) пен Нұрлан Сапарбай (92 келі) қарсыластарына жол берді.

Қазір оқып жатыр

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова